Қазақстан корейлер қауымдастығы және K-PARK Хангук шет тілдер университетінде таныстырылды
2026-03-31 16:35
24 наурыз күні Қазақстан корейлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Александра Цхай Сеул қаласындағы Хангук шет тілдер университетінің стратегиялық даму департаментімен өткен кездесуге қатысты.
Кездесу барысында Caspian Korea компаниясының қызметкері Пак Минджи Alatau City аумағында жүзеге асырылып жатқан K-PARK мәдени-іскерлік орталығы жобасын таныстырып, сондай-ақ қазақстандық корейлердің дамуы мен қазіргі рөлі туралы баяндады.
Кездесуге Орталық Азиядағы этникалық корейлерді зерттеумен айналысатын зерттеушілер қатысты. Тараптар шетелдегі диаспоралардың дамуы мәселелерін талқылап, Қазақстан корейлер қауымдастығының институционалдық дамуының жаңа кезеңін, оның ішінде қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын атап өтті.
Өз кезегінде Александра Цхай Қазақстан корейлер қауымдастығының қызметі туралы айтып берді. Өткен жылы ҚКҚ өзінің 35 жылдығын атап өтіп, K-PARK бірегей жобасының құрылысына бастау берді – 2026 жылдың күзінде алғашқы тас қалау рәсімі өтті. Жоба халықаралық хаб ретінде қарастырылып, инновациялар мен креативті индустрияны дамыту орталығы, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі этникалық корейлер арасында тәжірибе алмасу және байланыстарды нығайту алаңы болмақ.
Кездесу қорытындысы бойынша университет өкілдері ҚКҚ-мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, маусым айында өтетін университет конференциясына қатысуға шақырды.