«ALATAU RISE With Kazakhstan» халықаралық роуд-шоуы 2025 жылдың 15-16 қазанында Сеулде өтеді.
2025-11-14 12:48
«ALATAU RISE With Kazakhstan» халықаралық роуд-шоуы 2025 жылдың 15-16 қазанында Сеулде өтеді.
Іс-шара барысында Қазақстандағы болашақ қаласы – Алатауды дамытудың ауқымды жобасының тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Алатау ұлттық жоба болып белгіленді. Жаңа қаланың бас жоспары
Сингапур мен Корея Республикасының жетекші компанияларының қатысуымен әзірленді және
өнеркәсіп, энергетика, мобильділік салаларында озық технологияларды енгізуді
және жайлы қалалық ортаны құруды көздейді.
Роуд-шоу бағдарламасына Қазақстан мен
Корея Республикасы үкіметтері өкілдерінің презентациялары, сондай-ақ болашақ энергетикасы мен индустриясын дамытуға арналған халықаралық компаниялармен пікірталас сессиялары кіреді.
K-park жобасына және Қазақстан мен Оңтүстік Кореядағы корей қауымдастығы арасындағы мәдени және тарихи байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Роуд-шоу туралы толық ақпарат іс-шараның ресми сайтында қолжетімді: