Жаңалықтар

2026 Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week

2026-06-10 09:59
2026 жылғы 25–27 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республика сарайында «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ, Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, екінші жыл қатарынан ауқымды «2026 Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week» іс-шарасын өткізеді.

Іс-шара бағдарламасы аясында корей-қазақстандық мерекелік концерт, «Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion» би байқауының финалы, K-Pop және Q-Pop әртістерінің өнер көрсетуі, сондай-ақ көрме стендтері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.

Баршаңызды қатысуға шақырамыз!

Жалпы ақпарат

Өтетін күндері: 2026 жылғы 25–27 маусым.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы.

Серіктестер: Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, Корея Республикасының ауыл шаруашылығы, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясының Мәскеудегі өкілдігі (aT), Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі, Корея Республикасының Бас консулдығы жанындағы коммерциялық бөлім (KOTRA), Корея Республикасының ШОБ және стартаптар істері агенттігі, LG Electronics Kazakhstan және басқа да ұйымдар.

25 маусым, бейсенбі күні «Ариран: Өткеннің жаңғырығы, бүгіннің үні» мерекелік концерті өтеді. Концерт 2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылады. Концерттің басталуы — 19:00. Өтетін орны — Республика сарайы. Концертке Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, «Алматы Әуендері» ұжымының әртістері (Ә. Әшімов театры), «IL CANTO» тобы қатысады.

26 маусым, жұма күні «2026 KAZAKHSTAN K-POP COVER DANCE CHAMPION» би байқауы өтеді. Бұл — қазақстандық K-Pop би байқауының финалы. Онда биылғы Қазақстандағы екі ірі K-Pop байқауының жеңімпаздары — үздіктердің үздіктері өнер көрсетеді: Астанада өтетін «K-STAGE» байқауының 5 финалист командасы және Алматыда өтетін «K-POPSTAR.KZ» байқауының 5 финалист командасы. Байқаудың басталуы — 19:00. Өтетін орны — Республика сарайы. Сондай-ақ көрермендерді кореялық TIOT тобының арнайы өнер көрсетуі күтеді.

27 маусым, сенбі күні «2026 ONE BEAT: K-POP & Q-POP» концерті өтеді. Бұл — K-Pop жанрындағы кореялық әртістер мен Q-Pop жанрындағы қазақстандық әртістердің қатысуымен өтетін заманауи музыка концерті. Концерттің басталуы — 18:00. Өтетін орны — Республика сарайы. Қатысушылар: кореялық TIOT тобы және қазақстандық ALPHA тобы.

Билет туралы ақпарат

Концерттерге кіру тегін билеттер арқылы жүзеге асырылады.

Басып шығарылған билеттер келесі мекенжайларда беріледі:

  1. «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ кеңсесінде: Алматы қ., «Корея үйі», Гоголь көшесі, 2. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:30-дан 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Сенбі-жексенбі — демалыс.
  2. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 158. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 10:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін. Жексенбі — демалыс.

Билеттерді тарату мерзімі: 2026 жылғы 10 маусымнан бастап.

Көрме стендтерінің жұмысы туралы ақпарат

25–27 маусым аралығында Республика сарайының кіреберіс аймағында іс-шара серіктестерінің промо-стендтері жұмыс істейді. Келушілер корей мәдениетімен және өнімдерімен танысып, интерактивті бағдарламаларға қатысып, корей тағамдарының дәмін тата алады.

Промо-стендтердің жұмыс уақыты: 16:00-ден 19:00-ге дейін.

Қатысушылар: Корея Республикасының ауыл шаруашылығы, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясының Мәскеудегі өкілдігі (aT), Корея туризм ұйымының Алматыдағы өкілдігі, Корея Республикасының Бас консулдығы жанындағы коммерциялық бөлім (KOTRA), Корея Республикасының ШОБ және стартаптар істері агенттігі, LG Electronics Kazakhstan және басқа да ұйымдар.

Көрме аймағына кіру үшін билет қажет емес.